Уақып туралы


Исламдық құқық бойынша, Жеке меншікті қайырымдылық мақсатына сақтау және иелену.

Уақыптың қаражаты тек қайырымдылық мақсатында жұмсалынады.

 

                                  Уақыптың әлеуметтік маңыздылығы.

Біздің дінімізде ЗЕКЕТ пен қатар Уақып институты да экономикалық тұрғыдан алғанда маңызды роль атқарады. Сондықтан Уақып жүйесінің қызыметін толық түсіну үшін, оның бастапқы шартын меңгеру қажет.Ол үшін оны қоғамның әлеуметтік-діни өміріндегі маңызды құбылыс деп қарап ғана қоймай, біз оны жан-жақты,терең зерттеуіміз қажет.

                                         Уақыптың анықтамасы.

Шариат бойынша, Уақып қайырымдылық мақсаттарға табыстар табу үшін мерзімсіз пайдалынысқа берілген жылжитын және жылжымайтын мүлік. Уақып ол адамдардың өздеріне тиеселі мүліктерінің бір бөлігін қайырымдылық үшін табыс ететін заңгерлік және діни мекеме.Уақыпқа табыс етілген меншік ол табыс етушіден толық алынады.Мұсылман заңгерлері Уақыпты заңды тұлға ретінде ғана емес ол кей тұстарда жеке тұлғаның да рольін атқара алады дейді.Оны мұсылман заңгерлері (Фуках) Уақып туралы жасаған  мына екі ережелері куәланырады.

1.Егер  зат Уахыфтың пайдасынан сатып алынса, ол дереу Уақыптың бір бөлігіне айналмайды.Нақтырақ айтар болсақ заңгерлердің айтуынша Уахыф сатып алған мүлікке жеке тұлға ретінде де иелік ете алады.

2.Заңгерлердің ойынша мешіттен, қайырымдылыққа деп бөлінген қаражат ол Уақыптың емес мешіттің меншігіне өтеді.

Бұл жерде мешіт қаражаттың иесі ретінде қаралады.Танымал құқық танушы,маликит-Ахмад аль -Дардир мешіт иелігіне деп берген мұрагерлік хаттың заңдық күші бар деген тұжырым жасайды.                                                Яғни, Мешіт жеке меншікке иелік ете алады -дейді.                                        Уахыф, ғасырлар бойы қоғамның материялдық сондай ақ рухани қажеттілігі үшін зор қызымет жасап, діни сенім мен адам ойының тереңдігін көрсетеді.Ғылым докторы Мунзир Кахф өзінің «Уақып, бүгінгі исламдық қоғамда» атты өзінің кітабында уақып туралы былай деп жазады: «Уақыптың көптеген түрлері бар: Ол пайғамбарымыздың Мединадағы мешітінен бастап, Мухайриктің ізбасары Ухуд шайқасынан кейін, Алланың елшісіне қалдырған бақша, Осман ибн Аффанға тиеселі Рума құдығы, мұсылмандарға уақып ретінде берілген сондай ақ Омар ибн әл Хаттабтың, Хайбардағы жерінен алынған өнімдер уақып ретінде қайырымдылыққа пайдаланылды» дейді.Уақыптың меншік институты туралы айтар болсақ, ол ислам шариятында жан жақты зерттеліп оның қоғамдағы орны көрсетілген.Міндетіне қарай шариат уақыпты үшке бөліп қарайды

1.Діни уақып.

2.Қайырымдылық уақып.

3.Жанұялық немесе ізбасарлық уақып.

Таза діни уақып- діни қызымет үшін бөлінетін қаражат пен мүлік.

Қайырымдылық уақып- ол жылжымайтын мүлікті немесе қаражатты әр түрлі қайырымдылық мақсатта береді.  Уақыптың бұл түрі исламға дейінде белгілі болған.

Жанұялық немесе ізбасарлық уақып ол ислам дінімен бірге қалыптасты. Оны пайғамбардың ізбасарлары құрған.Халиф Омар ибн аль Хаттаб, Хайбарадағы жерге узақыф деп жариялаған соң , оның шәкіртері де өз мүліктері мен жерлерін уақыпқа айналдырған болатын. Бүгін, көптеген мұсылман елдерінде уақыптың мүлкі қоғам игілігіне айналған.Ол қазіргі таңда мемлекеттік емес секторда сондай ақ қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуда.Сондықтан да уақып институтының теория жүзінде зерттеу және оны жүзеге асыру біздің елде актуалды мәселенің бірі болып тұрғаны анық.Ислам шариятында өз туыстарыңа жақсылық жасауға шақырады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көптеген хадистерінде мұсылманның өзіне,әйеліне,балаларына,ата-анасына жасаған жақсылықтары қайырымдылыққа жатқызылады.Уақыптың кәсіпкерлік ресурстары мен кірістері әр түрлі саланы дамытуға және пайда табуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда сіз асхана немесе дүкен,қонақ үй ашу уақыптың қаржысын көбейтуге жол ашады.Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылатыны анық.Бір сөзбен айтқанда біз Алланың экономикадағы секторын дамытуға жол ашамыз.

Уақып мекемелері аталған істермен қатар  «Зәкат» жинаумен де айналыса алады. Исламдық уақыптың мақсаты бір мезеттік пайда табу емес  ол болашаққа зер сал болып табылады.

                                       

                                      Уақып мүлкінің жиналуы.

Ислам тарихында уақып еш бір құрдымға кетпегенін көреміз,керісінше оған  әр кез қосылып отырған. Қоғамның күйзеліске ұшыраған кездерінде де уақып еш қашан азайған емес. Уақыптың ұлғайуына әсер ететін шарт ол бар нәрсені құрту емес, керісінше сақтап қалу болған.Ол адамдардың діни сенімдері мен адамдардың арына тікелей байланысты болды.

ХХ шы ғасырдың басында жаңа фактор қалыптасты. Ол кәсіпорындар өнімдерінің өсуі, тұрғындар санының артуына байланысты  пайда болды. Уақыптың мұрагерлікпен жеткен,ежелгі дүние- мүліктері қалалардың ең жақсы аудандарында орналасқан болатын.Құрылыс технологияларының дамуы өз кезегінде  көптеген уақыптың дамуына да жағдай жасады.Денсаулық сақтау саласында уақып емханалар салып оларды керек жарақтармен толтырып, дәрігерлер мен медбикелерге аилық тағайындаған болатын. Мүлікті уақыпқа айналдыру, Европа елдеріне де өз әсерін тигізгені анық. Ол әсіресе Оксфордтың Мертон колледжін тұрғызу барысында үлкен әсер еткен болатын.

                          

                                         Қазақ даласындағы уақып

Қазақ жерінде де уақыптың болғаны туралы деректерді зерттеп, біз ол туралы көптеген мәліметтерді жинаған болатынбыз.Уақыптың тарихи шежіресі ол әрине «Насып-нама» .

«Насып -нама» ислам миссионерлерінің қазақ жеріндегі қожалар туралы геналогиялық мәлімет көзі ғана емес, «Насып- нама» уақыптың атадан балаға мұра болып келген жер меншігі туралы мәліметтер  молынан кездеседі. Хижра жыл санауы бойынша 100-жылы Шам вилайатынан Исхак баба, Түркістан вилайатына ислам дінін уағыздау үшін келген болатын.Каргалық қаласында ол Азина қорғаны менмешіт салдырды.Сол жылдары қалада он мыңға жуық халық тұратын.Исхак баба өз арына көптеген вақыфтың жер иелігін қалдырған болатын.Ол жерлер Қаратаудың екі жағын Тараз бен бүгінгі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына дейін алып жатқан болатын.Кезінде А.Диваев көптеген уақыпқа тиеселі Шымкент пен  саирам маңындағы жерлер Исхак бабаның үрім-бұтағынан басқа Турбаттағы,Абдал-Жалилға да тиеселі болған дейді. Насап-наманың біз танысқан бірде -бір тізімінде ондай деректі біз таба алған жоқпыз. Исхак бабаның уақыпқа қалдырған жерлерін,Мауланның тоғызыншы ұрпағы Сафи ад- дин Орун Койлакы қожа Хусейн ұлғайтқан болатын.Ол,Бөкейхан заманында Түркістан маңында су көзін тауып,адамдарды ажалдан алып қалғаны үшін оған бірнеше бұлақ көздерін тарту еткен болатын.  

Қазақстандағы уақып туралы айтқан кезде біз, әмір-Темір салдырған, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтпай кету мүмкін емес.Ақсақ Темір аталмыш кесенені уақыпқа табыс еткен белгілі.Бізге жеткен «уақып нама» да Яссы қаласының маңындағы арықтар мен жерлер және одан түскен пайда қатаң түрде әмір-Темірдің қалдырған өсиетіндегі дей жүзеге асуы тиіс делінген.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанға дейін бар-жоғы жиырма бес мешіт жұмыс жасаған.Олар уақыптың кеңес дәуіріндегі соңғы меншігі болатын десек қателеспейміз.Кеңестік кезең уақып институтына үлкен зардап алып келген болатын.Большевиктердің «Жер шаруаларға» деген ұрандары сондай ақ 1918 ші жылғы 20 қаңтардағы «Шіркеулерді мемлекеттен бөлу»туралы декреті діни мекемелерді қаржыландыруды тоқтатып ғана қоймай оларға тиеселі жер телімдерін тартып алған болатын.Ел басы Н.Назарбаев қайырымдылық туралы «Қоғамның, әсіресе  ақшасы бар,бизнеспен айналысып жүрген адамдардың назарын, жетімдерге аударып,көмек қолын беруге шақырамын.Жетімді жебеу ол адам үшін де, Алла үшін де сауап.Ақшалы адам ол қаражатты мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының арқасында тапты.Енді ол ақшаның бір бөлігін оларға бермегенде кімге берерсің.Егер сен өз еліңді сүйетін болсаң,онымен бірге көркейіп отырсаң,онда сен дәл осылай жасауың керек» деді.