Новости


Нұр-Мүбарак университетінің студенті ең үздік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпазы

Нұр-Мүбарак университетінің студенті ең үздік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпазы

Нұр-Мүбарак университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша білім алушы студент Назгүл Токова ғылыми зерттеу аясында республикалық байқау жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша еліміздегі жоғары оқу орындарындағы студенттер арасында ғылыми жұмыстарға байқау жариялаған болатын. Осы білім сайысында ең үздік ғылыми жұмысы үшін Назгүл Токова министр Ерлан Сағадиевтің қолымен 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшілік жасаған PhD, доцент м.а. Альбина Дүйсенбаева. Жеңімпаз дипломант Н.Токова:

Бұл ең әуелі өзім білім алып жатқан Нұр-Мүбарак университетінің, «Дінтану» кафедрасы ұстаздарының берген білімі мен бағыт-бағдарының жемісі деп білемін, - деп университет пен ұстаздарына алғысын білдірді.
© 2018 Благотворительный фонд «УАҚЫП»